Вагондарда жолаушыларды отырғызу тәртібі өзгере ме?

261

0

Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов пойыздарда жолаушыларды орналастыру тәртібі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вагондарда жолаушыларды отырғызу билет пен орналастыру орындарының болуына қарай іске асырылады. Адамдарды орындарына отырғызу бойынша қосымша талаптар ескерілмеген. Купе және плацкарт вагондарында тек билеттер бойынша отырғызылады», – деді С. Байғабылов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, жолаушыларды орналастыру стандартты тәртіпте іске асырылады.

«Маска тағу режимін, адамдардың қозғалысын, пойыздарда адамдардың тығыз топтаспауына жол бермеуді қадағалау мәселелелерін жолсеріктер реттейді», – деді ол.

Сонымен қатар жолаушылар өздерімен бірге қажетті тамағын алып жүре алатынын жеткізді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылғы 1 маусымнан бастап Мемлекеттік бас санитар дәрігердің талаптарын сақтауды ескере отырып, кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын жандандыру жоспарланып отыр.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз