Виза құжаттарын дайындап беремін деп сан соқтырды

498

0

5 маусым күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 49 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Белгілі болғандай, бейтаныс азаматша «Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызуға екі баласына виза құжаттарын рәсімдеп бере алатындығын» айтып, 1 миллион 500 мың теңге ақшасын алдап алған.

Сол күні полицияға төрт қала тұрғыны алаяқтық дерегі бойынша осындай мазмұнда арыз түсірген. Белгісіз азаматшалардан жұмыс ақысы үшін 700 мың теңгеден алған. Жалпы келтірілген шығын 4 миллион 300 мың теңге.

Қызылордалық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған облыс тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Орта жастағы күдікті азаматшаның жалған ақпарат беріп, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән – жайларын анықтауда.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<