Волонтерлар ауруханаларға оттегі баллондарын жеткізді

1204

0

Елдегі жағдай көңілді күпті еткені рас. Алайда, талай сындардан сүрінбей өткен халықпыз. Жұдырықтай жұмылсақ, қиындықтан құтылар күн алыс емес. Ең бастысы, бір-бірімізді қолдау, ертеңге деген сенім.


Сырдың жомарт кәсіпкерлері мен Сыр еріктілері, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жанындағы «Еріктілер штабының» мүшелері қазір қолдан келгенше аянып қалмауда.

Төтенше жағдай жарияланып, елді індет жайлағаннан бері көмекке мұқтаж жандарға демеу болып жүр. Бүгін де олар ауруханаларға қажетті оттегі баллондарын жеткізді. Ағайынға көмек көрсету – әрбіріміздің міндетіміз. Біз біргеміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<