Волонтерлар азаматтық қорғау органдары ардагерлерімен кездесті

271

0

Жақында Қызылорда қаласындағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында  «Жас Отан» жастар қанатының волонтерлары азаматтық қорғау органдарының ардагерлерімен кездесті. 

Кездесу барысында Қызылорда облысы ТЖД  ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев пен азаматтық қорғау органдарының ардагері Төрехан Табынбаев жастарға өздерінің қызмет еткен кезеңдеріндегі өрт сөндіру барысы туралы әңгімелеп, көп жылдық қызметтегі тәжірибелерімен бөлісті. Жастарға әрқашанда өрт қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттігі, судағы қауіпсіздікті сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау, үйден шығарда электр және газ қондырғыларын сөндіріп шығу туралы кеңес берді. 

Қызылорда облысы ТЖД  бас маманы Айнұр Алдажарова  «Өрт неден болады?» және  «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережесін сақтау» тақырыбында дәріс оқыды. Осы іс-шараға  «Жас Отан» жастар қанатының 30 волонтеры қатысты.

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<