WhatsApp мессенджері миллиондаған смартфонда істемейтін болады

197

0

2019 жылдың 31 желтоқсанынан бастап операциялық жүйесі ескірген смартфондарда WhatsApp мессенджері істемейтін болады.
Сонымен қатар Android iOS 8+ нұсқасынан төмен, Windows Phone-да 8.1+ нұсқасынан, KaiOS 2.5.1+, JioPhone және JioPhone 2 нұсқаларынан төмен құрылғыларда мессенджерді орнату мүмкін болмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі мессенджердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ, TechRadar пікірінше, қолданушыларда ешқандай қиындық туындамайды.
Google статистикасы бойынша, Android платформасындағы құрылғыларды қолданушылардың үш пайызы ғана ескірген нұсқаны қолданады. Ал iPhone смартфондарының 5 пайызында ғана оныншы нұсқадан төмен iOS орнатылған.
Оған қоса, ескі гаджеттер мен операциялық жүйелерді қолданушылардың дені – егде жастағы адамдар. Оларға байланыс пен мессенджерсіз қалмау үшін, көмек керек болуы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<