\»Әйелдерді мейірімділікке бөлейік\» қайырымдылық акциясын өткізді

256

0

Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ұйымдастыруымен  облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия  және ҮЕҰ «Қамқорлық» дағдарыс орталығының қолдауымен мүгедек әйелдерді қолдау, қорғау, психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету және қоғамға бейімдеу мақсатында «Мейірімділік үйінде»  «Әйелдерді мейрімділікке бөлейік!» атты қайырымдылық акциясын өткізді.     

Іс-шараны облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Бибігүл Үмбетова ашып, қайырымдылық іс-шарасының мақсатымен таныстырып, қатысушы әйелдер қауымына жақсы көңіл күй тілеп, жылы лебізін білдірді. Өз кезегінде облыстық филормониядан арнайы шақыртылған жергілікті өнерпаздар әнші Б.Бектұрғанова және жырау Б.Өтегенұлы «Ана туралы» толғауын арнады.

Қайырымдық шарасы соңында қарт аналар, мүгедек жандар тәртіп сақшыларына алғыстарын   айтып, ақ  батасын берді.

                                                                                                                                                               

                             

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<