Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

244

0

Фото: Автордан

Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі – оқу кабинеттері мен зертханалары заманауи электронды құралдармен жабдықталған, материалдық-техникалық базасы компьютерлік құрылғылармен және инновациялық құрал-жабдықтармен қамтылған, нарықтық сұранысқа ие құрылыс, энергетика, ауылшаруашылығы, көлік және логистика, сандық техника мамандарын даярлайтын Сыр өңіріндегі іргелі оқу орындарының бірі.

Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі арасындағы ынтымақтастықты және әріптестікті нығайту туралы Меморандумға қол қойылды.

Келісімнің мақсаты – дуалдық оқытудың элементтерін ендіру, оқу үдерісінің практикалық бағыттылығын күшейту, білікті мамандарды даярлау сапасын жақсарту, колледж педагогтеріне оқу-әдістемелік құралдар, авторлық бағдарламалар жазуға бағыт беру және олардың нәтижелерін оқу үдерісіне ендіру.

Кездесуде колледж оқытушыларын әдістемелік қолдау, ғылыми тұрғыда іс-шаралар өткізуге екіжақты келісім жүргізіліп, институт директоры Бауыржан Елеусінов пен колледж директоры Бахытхан Әбдікәрімов арнайы құжатқа қол қойды.

Кездесу барысында оқу ордасымен әріптестікті орнату және нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Алдағы уақытта филиал аға оқытушыларының қолдауымен педагогтерге әдістемелік кеңес беру қызметтері, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ұйымның сұранысы бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытатын біліктілік арттыру курстары мен оқыту семинарларын өткізу жоспарланды.

Аталған екіжақты келісім «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі арасындағы бірлескен жобалардың бастамасы болатынына сенімдіміз!

Гүлхаят Махмутова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының PR, SMM маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<