Қызылорда командасы мектеп және колледж оқушылары арасында республикалық жазғы спартакиаданың қола жүлдесін иеленді.
Үстіміздегі жылдың 5 сәуір – 12 тамыз аралығында мектеп және колледж оқушыларының республикалық 9-шы жазғы спартакиадасы өтті.
Спартакиада бағдарламасы бойынша 16 спорт түрінен жарыстар Қызылордада өткізілді.
Сыр спортшылары тоғызқұмалақ, ауыр атлетика (ұлдар, қыздар), гандбол (қыздар), каратэ-до (ұлдар, қыздар), таеквондо (қыздар), қазақ күресі (ұлдар, қыздар), шахматтан ұйымдастырылған жекелей сайыстарда жалпыкомандалық есепте көш бастады.
Сонымен қатар, облыс командасы грек-рим күресі, еркін күрес, самбо, велотректен өткен сайыстарда екінші, әйелдер күресі, бокс (қыздар), стенд ату жарыстарында үшінші орындарға ие болды.
Ал спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының құрама командасы жақсы өнер көрсетіп, жүлделі 3-орынды иеленді. Бірінші Түркістан облысы, екінші орындарды Алматы қаласының командалары еншіледі.
Айта кетейік, Қызылорда облысы биылғы жылғы спартакиада тарихында алғашқы мәрте жүлделі үштікке еніп отыр.
Жалпы жарысқа еліміздің барлық аймағынан 520 команда, 6448 мектеп және колледж оқушылары 54 спорт түріне қатысты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<