«Зекет» қоры қайырымдылық акциясын бастады

353

0

ҚМДБ жанындағы «Зекет» қайырымдылық қоры және Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен  50 отбасыға азық-түлік таратылды.

Қайырымдылық шарасына қатысқан өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы: «Рамазан – мейірімділік айы. Алла Тағаланың разылығына бөлейтін ізгі амалдарды молынан жасап, сауапқа ұмтылатын ай. Осындай берекелі айда мұқтаждарға қамқорлық таныту мақсатында қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру – Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының негізгі тапсырмаларының бірі. Аталған шара алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. Рамазан айы баршаңызға құт-берекесін алып келсін! Ораза мүбарак болсын!» – деді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<