
Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары бұл мақсатта арнайы шаралар өткізіп келеді. Скринингтік тексерістің маңыздылығын тұрғындар арасында түсіндіреді. Биыл осы мақсатта «Ескерту – түзетуден оңай» ұранымен 10 күндік акция болып өтті. Ол жылма-жыл тұрақты түрде қолға алынып келеді. Үстіміздегі жылы 22 мыңға жуық әйел тексеруден өтті. Олардың арасында 1368 нәзік жандыдан сүт безі қатерлі ісігі анықталды. Оның ішінде 70-і қатерлі ісіктің алғашқы сатысында тұрғандар екен.
«Жалпы, аурудың пайда болу себептерін зерттеп көргенде, оның төмендегі жағдайлардан туындағанына көзімізді жеткіздік. Әйелдер уақытылы тамақтануға назар аудармайды. Сондай-ақ, сәбиді емізуді ерте тоқтатып, дене қозғалысына көп көңіл бөле бермейді», – деді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Гүлзат Есболова.
Дәрігерлер осындай жағдайларға баса назар аудару қажеттігін айтады. Оны асқындырып алмай, ерте анықтауға мүмкіндік бар. Ол аурудың алдын алады.