Қызылордада 42 градус аптап ыстық болады

198

0

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
6 шілде күндіз Қызылорда облысында 42°С аптап ыстық болады. 6 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл тұрады. Бұршақ жауады.  Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай қаласында осы күні найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні – 15-20 м/с.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<