Қызылордада қайырымдылық марафоны өтті

254

0

Марафон қатысушыларынан жиналған қаржы көмекті қажет ететін аз қамтылған отбасылардың балаларына жұмсалады.
Облыстық білім, жастар саясаты мәселелері, дене шынықтыру және спорт басқармалары мен «Жомарт» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық марафоны – 2018″ қайырымдылық марафоны өтті, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марафонға қатысушылар қаладағы ҚР Тұңғыш Президент саябағынан Сұлтан Бейбарыс, Тәуелсіздік, Есенов көшелері арқылы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионға дейін жүгіріп өтті.
Айта кетейік, көрсетілген көмектердің басым үлесі кәсіпкерлер мен бизнес-құрылымдар арқылы жасалынды. Шараның өткізілуі барысында үкіметтік емес ұйымдар белсенділік танытты. Аталған қайырымдылық марафонының өткізілуіне «Жомарт» қайырымдылық қоры зор үлес қосты.
Марафонға мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен, қала тұрғындары белсенді қатысып, марафон жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.
Марафон қатысушыларынан жиналған қаржы көмекті қажет ететін аз қамтылған отбасылардың балаларына жұмсалады. «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы балаларға қуаныш сыйлап, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға қолдау көрсететін игі шара.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<