Қызылордада биыл 30 әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі

190

0

Қызылорда облысында жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жыл басынан бері 41 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді. Оның ішінде өткен жылдан өтпелі нысан -33, құрылысы жаңадан басталғаны – 8. Ал 11 нысан 2019 жылы ел игілігіне айналады деп күтілуде. Оған республикалық және облыстық бюджет есебінен 27,6 млрд теңге қаржы бөлінген.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовтің айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл облыс бойынша 69 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ол 1747 пәтерді құрап, аумағы 123,3 мың шаршы метрді шамалап отыр. Оның ішінде 21 үй  жеке құрылыс компаниялары есебінен салынуда. Қазіргі таңда облыс бойынша 40 инженерлік инфрақұрылым жобалары бойынша барлығы 495 шақырым желі тартылған.
«2018 жылдың I-ші жартыжылдығында мемлекеттік пен жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу (бастау) туралы 141 хабарлама түскен. Оның 63-і  бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан құрылыстар (35-і жаңа құрылыс), ал қалған 78-і жеке қаражаттарына салынып жатқан нысандар», – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов.
Айта кетейік, облыс көлемінде Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы арқылы басқармамен жалпы саны 195 тексеру жүргізілген. Оның ішінде 83 жоспардан тыс және бақылаудың өзге де нысандарды тексеру бойынша 112 тексеру жүргізіліп, тексерулер бойынша 56 нұсқама беріліп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<