Қызылордада білім гранттарын арнайы топ бақылауда ұстайды

295

0

Қызылордада білім гранттарын арнайы топ бақылауда ұстайды Қызылорда облысы бойынша биылғы оқу жылына мемлекеттік тапсырыс аясында колледждерге бөлінген 3 мыңнан астам білім грантына мониторинг мүшелері бақылау жасайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Бақылау нәтижесінде білім гранттарының заңды әрі әділетті түрде жастарға берілуі қадағаланады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізетін арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысында айтылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Бағдат Ізкеновтың айтуынша, арнайы мониторингтік топ өкілдері мемлекеттің тапсырысын алатын мемлекеттік және жекеменшік колледждерде оқуға қабылдау үдерісін толық қадағалайды. «Топ мүшелері білім гранттарын заңсыз иелену, оқуға заңсыз қабылдау және емтихан қабылдауда артықшылықтар көрсету түріндегі жағдайларды анықтау үшін қоғамдық бақылау жүргізеді» – деді ол. Бүгінгі таңда облыс бойынша 29 мемлекеттік және жекеменшік колледждердің емтихан қабылдау комиссияларының құрамына облыстық, қалалық және аудандық мониторингтік топ өкілдері арнайы бұйрықпен енгізілді. Олар өз жұмысын бастап кетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<