Қызылордада екі браконьер қарақұйрық сойып жатқан жерінен ұсталды

1439

0

Қызылорда облысында заңсыз қарақұйрық аулаған екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет заңсыз аңшылық туралы Фейсбуктегі парақшасында жазды. Белгілі болғандай, 11 қыркүйекте сағат таңғы 04:00-дер шамасында Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда филиалының инспекторлары бірлескен рейд барысында Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ақсуат ауылының тұрғындары Б.Қ. (1975 ж) мен Ш.А-ны (1973 ж) екі бас қарақұйрық аңын сойып жатқан жерінен ұсталған.

«Оқиға орнынан қарақұйрық аңының сойылған 2 денесі, 12 калибрлі қос ұңғылы аңшы мылтығы, өткір жарық салғыш құрал мен мемлекеттік нөмірі 587 EYA 11 KZ Тойота «Ленд Крузер 105» автокөлігі анықталды. Жинақталған құжаттар мен айғақты заттар Қазалы ауданының Ішкі істер бөлімінде тіркеліп, ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабы 4-тармағы 2-тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – дейді Сәкен Ділдахмет.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<