Қызылордада той кезінде өтіп бара жатқан адамды байқаусызда өлтіріп алған

253

0

Қызылорда облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотта 23 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаладағы мейрамханалардың бірінде той болып жатқан. Тойда екі жас жігіт керісіп қалған.
«Бір-бірін ренжітетін сөздер айтқан олар далаға шығып сөйлесуді жөн деп тапқан. Далаға шыққан олар төбелесіп қалған», – дейді соттың баспасөз хатшысы.
Төбелес болып жатқан жерге көшеде өтіп бара жатқан адамдар келген. Солардың бірі екі жігітті ажыратпақ болған кезде төбелесіп жатқан екі жігіттің бірі қолындағы пышағын оның кеудесіне сұғып алады. Соның салдарынан ажыратпақ болған адам көз жұмған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, айыпты адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қауіптілігі аса жоғары түзету мекемесінде жазасын өтейтін болады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<