
Соның салдарынан жаяу жүргінші жарақат алған. Ол қалалық аурухананың трамватология бөлімшесіне жатқызылды. «Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Бұл бойынша сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеудің басқа деректері жария етілмейді», – деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.