АЙДОС СҰЛТАНҒАЛИ ƏЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

238

0

Будапешт қаласында (Венгрия) күрес түрлерінен өтіп жатқан Əлем чемпионатында жерлесіміз Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен 60 келі салмақта қола жүлдені иеленді!!!
Ол қола медаль үшін болған кездесуде Солтүстік Корея  спортшысынан айласын асырып, 3-орынға ие болды.
А.Сұлтанғали 1996 жылы Қызылорда қаласында туылған.
 Грек-рим күресінен ҚР халықаралық дəрежедегі спорт шебері, 2015 жылғы жасөспірімдер, 2016 жылғы жастар арасында Азия чемпионы, 2017 жылғы жабық кешендегі Азия ойындарының жəне Əлем чемпионатының қола жүлдегері.
Айта кетейік, облыс тарихында 2005 жылы грек-рим күресінен Ермек Көкетов Əлем чемпионатының қола жүлдегері болса, оның жетістігін ізбасары Айдос қайталады.
Жоғары спорт шеберлігі мектебінде тəлім алатын Айдостың бапкерлері – Райымбек Ғабиден, Виктор Юн жəне Ермек Көкетов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<