ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КОАЛИЦИЯ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

215

0

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің» облыстық коалициясының мүшелері Жолдау жүктеген міндеттерді жан-жақты талқылап, Сыр халқына Үндеу жариялады.
Отырысқа коалиция мүше­лі­гіндегі барлық партия жетек­шілері мен белсенділері, ҮЕҰ өкілдері, аймақтағы ЖОО-ның оқытушы профессорлары, бел­сен­ді жастар мен БАҚ өкіл­дері қатысты.
Жиында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төр­ағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев саяси құжаттың ауқымдылығы мен ма­ңызын жан-жақты баяндап, ондағы көрсетілген міндеттердің ел экономикасын ілгерілетуді көз­дейтінін атап өтті.
– Елбасы Жолдауындағы көр­сетілген реформалар – хал­қы­­мыздың тұрмыс сапасын жақ­сартып, әлемдік стандарт­тарға жеткізуге сол арқылы қоғам мен мемлекеттің бәсекеге қабі­леттілігін арттыруға бағытталып отырған тиімді мүмкіндік. Сон­дықтан мұны іске асыруға ел болып жұмылуымыз қажет, – деді И.Құттықожаев.
Коалиция басқосуында Жол­дауды жүзеге асыруға бағыт­талған өңірдегі жұмыстар да пы­сықталып, тиісті мекеме бас­шыларының хабарламала­ры тың­далды. Мәселен, ақпарат­тық насихат жұмыстары барысын облыстық ішкі саясат бас­қармасының басшысы Талғат Ма­ханов айтып өтті. Басқарма бас­шысының мәлімдеуінше, об­­лыста Жолдауды насихаттау бағы­тында арнайы медиа-жос­пар әзір­ленген. Сондай-ақ, түр­лі сала мамандарынан 44 ақпа­раттық топ құ­рылған. Олар­дың құрамында 259 азамат бар. Арнайы спикер­лер тобы жа­сақ­та­лып, олар­дың пікірлері БАҚ-тар мен әлеу­меттік желі­лерде жариялануда.
Осыдан кейін аймақтық коалиция мүшелерінің Үндеуі таныстырылды. Онда әрбір азамат елдегі ауқымды өзгерістерге өз­дерінің қатысын сезінуі тиіс екендігі айтылған. «Елбасы Жол­дауын іске асыру халық­тың өмір сүру деңгейі мен елі­міздің бәсекеге қабілеттілігін арт­ты­руға нағыз серпіліс әкеледі. Біз, Демократиялық күштердің «Қа­зақстан-2050» аймақтық ко­а­­лициясы, аймақтағы ірі диалог алаңының бірінің мүшелері ре­­тінде барлығыңызды Елба­сы Жолдауын қолдауға жә­не оны іске асыруға белсенді қа­тысуға шақырамыз» делінген.
Жиын соңында коалиция мү­шелігіндегі пар­­тиялар мен үкі­меттік емес ұй­­ым­дар өкілде­рінің пікірлері тың­далды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<