
Сайыс барысында облыстағы оқу орындарынан 62 команда (532 оқушы, студент) қатысты.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайыстың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға баулу.
Сайыс құрылыс құру мен өзара байланыстың ерекше идеялары, қимылдар мен музыкалық сүйемелдеудің тиімді таңдауы, әртістік қабілет, сондай-ақ, барлық қатысушылардың элементтерді синхронды түрде жасауы, қатысушылардың сырт келбеттері бойынша талаптар бойынша бағаланды.
Нәтижесінде Шиелі ауданы №48 орта мектебі бірінші орынды еншілесе, екінші орынды Жаңақорған ауданының №52 орта мектебі және үшінші орынды Арал ауданы №83 орта мектебі иеленді.
Сайыс нәтижелері бойынша 18 оқу орны командаларына бағалы сыйлықтар берілетін болса, 22 оқу орнының командалары департамент бастығының алғыс хаттарымен марапатталады.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».
«Сыр бойы».