Қызылордалық рестораторлар мен кондитерлер Қауымдастығы құрылды

234

0

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова айтты.

2018-2019 жылдарда негізгі басымдықты салалық қауымдастықтарды дамытуға береміз деген Кеңес төрайымы бұл бағытта жұмыстардың басталып кеткендігін де жеткізді.

 Рестораторлар мен кондитерлердің қауымдастыққа бірігудегі мақсаты – қоғамдық тамақтану орындарына білікті маман даярлау, қалыптастыру, саладағы  Қауымдастық құру туралы шешімді Ерлан Раимов, Ақмарал Әбдіразақова, Огай Василий бастаған облысқа белгілі кәсіпкер-рестораторлар қабылдады.  

Құрылған рестораторлар мен кондитерлер Қауымдастығын ресми тіркеу мақсатында құжаттары жинақталып жатыр. Қауымдастықтың төрайымы болып «Мақсұт» мейрамхана кешенінің директоры Ақмарал Мақсұтқызы Әбдіразақова сайланды. Қауымдастықтың мейрамхана бизнесі жөніндегі кеңесшісі болып «Раим» ЖШС директоры Ерлан Раимов, ал кондитерлік сала бойынша кеңесшісі болып «LOFT» мейрамханасының басшысы Огай Василий сайланды.    

Жаңа қауымдастық көршілес Шымкент қаласындағы әріптестерімен, нақтырақ айтқанда HoReCa Kazakhstan өкілдігімен бірлесе жұмыс жасамақ. Бұл әріптестік қауымдастық мүшелеріне біліктілігін жетілдіруге арналған семинар-тренингтерге, форумдар мен конференцияларға және өзге де шараларға қолжетімді бағада қатысуға, яғни жеңілдіктер береді. Мәселен, жақында қызылордалық рестораторлар осы әріптестік аясында қазан айының соңында Алматы қаласында өтетін қоғамдық тамақтану орындары басшыларының бірінші конференциясына қатысуды жоспарлауда.

Облыста жаңа құрылып жатқан қауымдастық мүшелері жақын күндері өңірдегі мейрамхана бизнесімен айналысатын әріптестерімен кездесіп, қауымдастық жұмысының бағыт-бағдарын анықтап алуды межелеуде.

Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманованың айтуынша, облыста мұнан өзге даяшылар мен бармендердің, администраторлардың мектебін құру да көзделіп отыр екен. Ол үшін қазір нарықтың сұранысы зерттелуде.

         

 Қызылорда облысы 

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<