Қызығушылықтар жәрмеңкесі

765

0

Оқушылардың сабақтан бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 7-сынып оқушыларына арнап мектебімізде үйірмелер және секциялар жәрмеңкесі өтті.
Хореография, вокал, сурет кескіндеме, ағаш кесу, телестудия, бағдарламалау – қызылордалық өрендердің жан-жақты дамуына таңдау үлкен. Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және оқушылардың таланттарын ашу, әрі дамыту мақсатында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ондаған қосымша білім беру үйірмелер жұмыс істейді.
Мектептегі қосымша сабақтар бірнеше түрге бөлінеді. Пәндік, яғни оқу бағдарламада қиындық туғызған тақырыптарды қайта қарау, жаңа ілімдерді танып білуге, тәжірибелік жұмыстар жасауға арналған. Олар«Өсімдіктер химиясы», «Мектепалды топырақты өңдеу», «Микробиология», «Өсімдіктерді бұдандастыру технологиясы» секілді үйірме жұмыстары. Сондай-ақ, оқушылардың қызығушылығына қарай телестудия, кескіндеме, киім дизайны, вокал, би өнері және басқа да көркемдік қолөнер үйірме жұмыстары оқушылар үшін күнделікті жұмыс істейді. Жанына спортты серік еткендер болса, воейбол, футбол, баскетбол, жеңіл атлетика, шахмат, тоғызқұмалақ спорт түрлері бойынша спорттық секцияларға қатыса алады.
Жаңа оқу жылында мектепке қабылданған 7-сынып оқушылары дұрыс таңдау жасау үшін ұйымдастырған қызығушылықтар жәрмеңкесінде үйірме жетекшілері бұған дейін қатысып жүрген оқушылардың жұмыстарын көрсетіп, шеберлік сабақтарын өткізді.  
Айта кету керек, жыл сайын балалардың үйірме және секциялық жұмыстарға қатысу белсенділігі байқалады. Статистикаға сүйенсек, жоғары сыныптар пәндік, ал орта сынып оқушылары шығармашылық және спорттық бағыттарды таңдайды.
Жаңа оқу жылында 7-12-сыныптар үшін мектепте 40-қа жуық қосымша білім беру үйірмесі есіктерін айқара ашты.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<