Заң мен тәртіп: Қызылордада «Жайдарман» ойындарының жеңімпазы анықталды

6

0

Фото: Экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Қызылордада «Жайдарман» ойындарының финалдық кезеңі өтіп, жеңімпаз анықталды.

Аталған жобаға Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті маусым басталғалы бері тұрақты түрде қолдау көрсетіп, оның мазмұндық бағытын нығайтуға үлес қосты. Финалдық кезеңде Департамент өкілдері де қатысып, қатысушылардың өнерін тамашалады. Жалпы маусым басталғалы жобаға 30 команда, 400-ден астам жас қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Финалға 5 команда қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Биылғы маусым «Заң мен Тәртіп» тақырыбына арналды. Қатысушылар сахнада әзіл мен сатира арқылы қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, көрерменге ой салды. Атап айтқанда, алаяқтық, қаржы пирамидалары және құмар ойынға тәуелділіктің зияны сынды өзекті тақырыптар  қамтылды.

«Жайдарман» – жастардың шығармашылық әлеуетін дамытумен қатар, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң. Осылайша, жоба тағы бір мағыналы маусымды сәтті қорытындылады.