Өздеріңізге белгілі, бұған дейін әлеуметтік желілерде қала тұрғындары тарапынан кейбір ғимараттардың айналасындағы ретсіз және заңсыз орналасқан қоршауларға қарсы пікірлерін білдірген жазбалар жарияланған.
Осыған сәйкес, қала әкімі Н.Нәлібаев қала тұрғындарының пікірлерін ескере отырып қала көлемінде орналасқан заңсыз және ретсіз қоршауларды ретке келтіру туралы тиісті мекемелерге тапсырма берген болатын.
Нәтижесінде, қала аумағында орналасқан барлық әкімшілік және кәсіпкерлік ғимараттардың жер учаскелеріне далалық және камералдық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттелген жер учаскелерінің ішінде құжатта көрсетілген көлемінен артық жерге заңсыз қоршау жүргізген 10 жер учаскесі анықталды.
Оның ішінде:
– Мемлекеттік мекемелерге тиесілі – 7 жер учаскесі;
– кәсіпкерлік нысандардан – 3 жер учаскесі;
Осыған сәйкес, мекеме басшыларына мемлекет меншігіндегі артық қоршалған жер учаскелерін босату жөнінде ескертпе хат берілді.
Кемшіліктер қалпына келтірілмеген жағдайда облыстық жер пайдалану мен қорғалуын бақылау басқармасына ұсыныс жолданатын болады.
Жалпы, соңғы жылдары қала әкімінің тікелей бастамасымен қаланың сәулеттік келбетін жақсарту және қала тұрғындарының жайлы тұрмыс кешуіне кедергі келтіретін ретсіз қоршауларды (ғимараттарда, жол жиектерінде, т.б) болдырмау мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<