Зейнетақы мен жәрдемақы көбейеді

728

0

2022 жылдың 12 мамырында қабылданған «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы шеңберінде 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап инфляцияның 2022 жылға арналған дәлізін қайта қарауды ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін ынтымақты зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері қосымша 4% индекстелді, ал ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері 4% артты.

Заңға сәйкес, 1 сәуірден бастап: Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 180 теңге мөлшерінде; Ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге; Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 37 389 теңге; Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге. Маусым айынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы алушылар ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айларының қосымша ақысын ескере отырып, төлемдерді жоғары мөлшерде алатын болады. Жоғарылайтын төлемдердің жалпы саны 6,6 млн-ды құрады. Зейнетақы мен жәрдемақылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында индекстелді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<