Зейнеткер әнші жаңа қызметке тағайындалды

274

0

Әнші Досымжан Таңатаров Жастар театры директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

«Жастар театры директорының шығармашылық құрам жөніндегі орынбасары қызметіне Досымжан Қарпықұлы Таңатаров тағайындалды», – делінген хабарламада.

Әнші жаңа жұмысқа кірісіп кеткенін де жасырмады.

«Биссмиллах деп жұмысты бастап кеттік. Жылы сөздеріңізге, сын пікірлеріңізге, сенім білдіріп, қолдау көрсеткендеріңізге көп рахмет», – деп жазды ол Instagram-да.

Досымжан Таңатаров президент оркестрінде 20 жыл қызмет етіп, майор шенімен зейнетке шыққан.

Айқын

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз