\»Зерде\» холдингінің жаңа басқарма төрағасы

220

0

Директорлар кеңесінің шешімімен Ерлан Дмитрийұлы Дүрмағамбетов «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды primeminister.kz.

Ерлан Дүрмағамбетов 1971 жылы Қарағандыда дүниеге келген.

1994 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік электр техникалық университетін (РФ), 1999 жылы Айова штатының ғылым және техника университетін (АҚШ), 2018 жылы — Крэнфилд университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған. Іскерлік әкімшілендіру докторы.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары корпоративтік секторда, соның ішінде Oracle Nederland BV өкілдігінде, «Делойт и Туш» ЖШС, «Скала Казахстан» ЖШС жұмыс істеген.

2006–2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» РМК-да басшылық лауазымдарды атқарған.  

2007–2010 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары.  

2010 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<