Жаңақорған командасы – Алтынбеков турнирінің жеңімпазы

390

0

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен спорт ардагері, облыста волейболдың дамуына үлес қосқан азамат Тұрғанбек Алтынбековты еске алуға арналған волейболдан адагерлер арасында ашық турнир өтті. Биыл бірінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Байқоңыр, Қызылорда қалаларынан және аудандардан 6 команда қатысты.

Нәтижесінде Жаңақорған ауданының құрама командасы  бірінші орынды алса, Байқоңыр қаласы екінші, Шиелі ауданы үшінші орындарды иеленді.

Турнирдің «Үздік ойыншысы»  – Бауыржан Кененбаев  (Шиелі ауданы), «Үздік шабуылшы» – Қуаныш Рахат (Байқоңыр қ.), «Үздік қорғаушы»   – Самат Соппеков (Жаңақорған ауданы), «Үздік үйлестіруші» – Сабыр Жаңбыров (Қызылорда қ.) марапатталды.

Жеңімпаз және жүлдегер командаларға, номинация иегерлеріне диплом, кубок және бағалы сыйлықтар берілді.

Тұрғанбек Ержанұлы 1988-2014 жылдар аралығында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, қалалық спорт комитетінің төрағасы, облыстық волейбол федерациясының президенті  қызметтерін абыройлы атқарып, облыста спорт саласының, оның ішінде волейболдың қарқынды дамуына өз үлесін қосты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<