Жамбыл театры қызылордалық көрерменін күтеді

4

0

Аймақтың мәдениет саласындағы жаңалық, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театры Сыр өңіріне гастрольдік сапармен келді.

Театр ұжымы жергілікті кө­рерменге өздерінің таңдаулы қо­йылымдарын ұсынғалы отыр. Өнер сапары екі өңірдің мәдени байланысын нығайтып, театр са­ласының өркендеуіне серпін бе­ретін маңызды рухани байланыс болмақ.

Әріптестерін қарсы алу сә­тін­де облыстық театрдың абыз ақсақалы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы, ІІ дәрежелі «Барыс» және «Құр­мет» ордендерінің иегері Хұ­сейн Әмір-Темір өнер ұжы­мына жылы лебізін арнап, шы­ғармашылық сапардың сәтті өтуі­не тілектестік білдірді.

Жамбыл театры ұжымын Сыр елі ерекше ықыласпен қар­сы ал­ды. Өнер өкілдерінің ай­туын­ша, екі театр арасындағы шы­ғарма­шылық байланыс ныға­йып, өза­ра тәжірибе алмасуға кең жол ашылды.

Айта кетейік, А.Тоқпанов атындағы академиялық қазақ драма театрының өнер сапары аясында 20-21 сәуір күндері Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында «Жыл патша­лы­ғының құпиясы» атты ерте­гі, «Қош, махаббат» лирикалық дра­масы, «Бақытсыз Жамал» тра­­гифарсы, «Қараш-қараш» дра­­масы қо­йылады.

Жамбылдық театр ұжымы жоғарыдағы бағдарламаға сай Сыр көрермендеріне серпіліс сый­лайтынына сенімді.

«СБ» ақпарат