Жаңа аллея Қызылорданың ажарын аша түсті

254

0

Орталық Мешіттен бастап Тәуелсіздік даңғылына дейінгі Сұлтан Бейбарыс көшесінің екі жақ бөлігі абаттандырылуда. Бұл жаңа Арбат тек көркімен ғана емес, қала тұрғындарының демалуына ыңғайлы болуымен ерекшеленбек.

Қаланың жасыл желегіне жаңа рең қосқан арбат әдемі гүлдермен көмкеріліп, жарық шашатын шамдармен безендірілген. Ыңғайлы демалыс аймағында субұрқақтар, архитектуралық кіші формалар, орындықтар қарастырылған. Назарбаев Зияткерлік мектебі, № 264 мектеп-лицей секілді әлеуметтік нысандардың алдына автотұрақтар салынды.

Көлік кептелісін болдырмау, жол қауіпсіздігінің алдын алу үшін көшелер кеңейтілді.

Аймақ басшысының тапсырмасымен облыс әкімдігінің ғимараты «Ашық Үкімет» қағидасына сәйкестендіріліп, бүгінде әкімдік алды қала тұрғындары серуен құратын, балалар асыр салып ойнайтын аллеяға айналды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<