Жаңа Цифрлық даму министрі ант берді

291

0

Фото: ҚР Үкіметі

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Жаслан Мәдиев ант қабылдады.

«Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін», – деді министр.

Еске салайық, 6 мамырда Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалған боалтын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<