Жаңа кәсіпорын ашылды

389

0

Бүгін Астана даңғылының бойында «Grafmotors» автосалонының ашылу салтанаты өтті.

Автосалон директоры Нұрсұлтан Сулеевтің айтуынша, мұнда тұтынушыларға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Соның бірі, ғимарат жанынан көлік жуу мен түрлі бағыттағы техникалық қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

9 адамды жұмыспен қамтып отырған ғимарат аумағы 600 шаршы метрді құрайды. Мұндағы әр көлікке 1 жыл мерзімге кепілдік беріледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<