Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

3451

0

Қазақстан ұлттық академиялық кітапханасы және халықаралық түркі академиясы көрнекті суретші, белгілі этнограф Ералы Әсілханұлы Оспаановтың бір неше кітаптарының тұсау кесер рәсімін өткізді.

Ұлттық кітапханадағы Мырзатай Жолдасбеков атындағы залда жиынды халықаралық түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі жүргізді. Суретші Ералы Әсілханұлының «Қазақ ою-өрнегінің атласы», «Қошетер» қазақ халқының қолөнері деген тақырыптағы кітаптары келушілердің назарын аударды. Суретшілер Сембіғали Смағұлов, Жеңіс Көкенұлы, қару-жарақ зертеушісі, қаламгер Қалиолла Ахметжан, термеші Елікбай сөз сөйледі. Кітаптің көркемдік шеберлігі, безендірілуі бүгінгі қоғаммен үндестігі туралы әнгіме болды. Ералы Оспановтың еңбегіне жоғары баға берді.

Айтулы зерттеуші, суретші Ералы Оспановтың әкесі белгілі әдебиеттанушы, әйгілі ғалым Әсілхан Оспанов заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың сенімді шәкірті әрі озат аспиранты болған. Әсілхан Оспанұлы қазақ ауыз әдебиетінің тұлғалары Майлықожа, Мәделіқожа, Құлыншақ, Молда Мұса тағы басқа күнгей ақындарын зерттеп жария етіп, ортаға қосқан. Генерал Сабыр Рахымовтың қазақ екенің тарихи дәлелдеп 1972 жылы республикалық газетке жариялаған ғалым болатын. Оның артына қалдырған Майлықожа мен Мәделіқожа кітаптарын шығарып таратқан осы ұлы Ералы. 2016 жылы Мәделіқожаның туғанына 200 жыл болғаның ескеріп халықаралық ғылыми танымдық конференция өткізді. Өзі шығарған арнайы кітапты қонақтарға таратты. Ералыға келсек ұлт намысын оятатын танымал суретші. Қазақ салт-дәстүрлері жайлы арнайы суретті кітап шығарған. Ол кітаптың суреттері мен өзін 2017 жылы 16 қарашада Мәскеу төрінде Қазақстанның Бас елшісі Иманғали Тасмағанбетов арнайы көрме ұйымдастырып қазақ және орыс көрермендеріне көрсеткен болатын. Жалпы Ералының қолынан көп кітап жарық көрді. Күдеріқожаның 200 жыл толуына орай ақынның алғашқы жеке жинағын жинап құрастырып кітап етіп шығарды. Сонымен қатар әкесі Әсілхан Оспанұлының «Дуана қожалар» және «Жалаң аяқ Әздер-Абылайханның пірі» кітаптарыда жарық көрді. Жеке графикалық албомыда шықты. Соңғы еңбектері 10 жыл көлемінде жазылған қазақ ою-өрнектерімен қазақ қол өнер кітабыда өте сапалы басылған.

Мемлекет және Қоғам қайраткері, сенат депутаты, ұлт  жанашыры, белігілі ғалым, профессор Мұхтар Абрарұлы Құлмұхамед суретші Ералы Оспановты жеке қабылдады. Сондай-ақ кітап көрмесіне келушілерге және кітапхана ұжымына әкесі дайындаған Майлықожа, Мәделіқожа, Күдеріқожа кітаптарын сыйға тартты.

Ержан Уәйіс

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<