Санитарлық авиация желісі арқылы ұйымдастырылған шұғыл медициналық тасымалдау барысында тыныс жеткіліксіздігі диагнозы қойылған жаңа туған нәресте Облыстық перинаталдық орталығына жедел жеткізілді.
Тасымалдау жұмысына Облыстық перинаталдық орталығының неонатолог дәрігері Өтебек Дәулет Полатбекұлы қатысып, нәрестенің жағдайын жол бойы тұрақты бақылауда ұстап, қажетті медициналық көмекті көрсетті.
Орталыққа жеткізілгеннен кейін сәби неонатология бөлімшесіне жатқызылып, мамандардың бақылауына алынды. Қазіргі таңда нәресте қажетті ем қабылдап, дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Санитарлық авиация қызметі, ұшу экипажы және медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел жұмысының нәтижесінде жаңа туған нәрестеге уақытылы мамандандырылған медициналық көмек көрсету мүмкін болды.






