Жаңа заңнаманы іске асыру мәселелері талқыланды

330

0

Фото: Шиелі ауданының әкімдігі

Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңнаманы іске асыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті.

Мәжілісте аудан әкімі Қазақстан Республикасының Президенті 2024 жылғы 1 шілдеде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Жаңа Заңға қол қойды. Жаңа Заң 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетінін айтып, сала басшыларына мемлекеттік сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа, мүдделер қақтығысына жол бермеу бағытындағы шараларды күшейту тапсырды.

Сонымен қатар, аудан әкімі кент және ауылдық округ әкімдеріне, дербес бөлім, мекеме басшыларына жаңа Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін жеткізіп, оларға бір қатар тапсырмалар берді.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<