Жаңа Зеландияда магнитудасы 6,9 балдық зілзала болды

478

0

сурет: ашық дереккөз

Жаңа Зеландия құрамына кіретін Кермадек архипелагі ауданында сенбі күні магнитудасы 6,9 балдық зілзала тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмика орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Олардың дерегі бойынша, жерасты дүмпуінің эпицентрі 8 мың тұрғыны бар Керайкри қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 928 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 150 шақырым.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі жарияланған жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<