Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 126 болды

401

0

Фото: Euronews

Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 100-ден асты. Екі жүзден астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жапонияда 1 қаңтар күні елді дүр сілкіндірген жер сілкінісінен қаза тапқандар саны күннен күнге артуда.

Сенбі күні билік 126 адамның қайтыс болғанын растады.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанымен, құтқарушылар тірі қалғандарды табу мүмкіндігі күн сайын азайып бара жатқанын ескертеді.

Екі жүзден астам адам із-түзсіз жоғалған.

Оларды іздеуге ауа райының қолайсыздығы — қар мен төмен температура кедергі келтіріп отыр. 

Билік жалғасып жатқан жерасты дүмпулерінен бүлінген кей жолдар толығымен опырылып қалуы мүмкін екенін айтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<