«Жас Алаш» газетінің бас редакторы тағайындалды

965

0

Фото: zhasalash.kz

Жазушы-драматург Алмас Нүсіп «Жас Алаш» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Бұл туралы Қанат Тілеухан Facebook парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.

«Жазушы-драматург Алмас Нүсіп бауырым «Жас Алаш» газетінің бас редакторы болып тағайындалыпты. Қазір қазақ газеттерінде буын алмасып жатыр. Редакторлыққа жастар келуде. Жаңа леп, тың идеялар күтеміз. Әлеке, құтты болсын!» деп жазды ол.

Алмас Нүсіп – тәуелсіз қазақ әдебиетіндегі ойы өткір, тілі көркем жас жазушы. Әдебиет әлемінде қарымды қаламымен танылып үлгерген Алмас Нүсіптің «Барлау» атты кітабы қалың оқырман арасына кеңінен танымал.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<