Жас ғалымдар ақтық сынына жолдама алды

323

0

Қазалылық жас өнертапқыштар көру қабілеті бұзылған адамдардың бөлме ішінде және көшеде жүрген уақытта жолды бағдарлап, өздеріне қажетті заттарды тани алатындай арнайы құрылғыны ойлап тапты. Жас ғалымдар Ресей Федерациясында өтетін халықаралық конкурста қазақ елінің намысын қорғамақ.
№266 және №249 мектеп-лицей оқушылары Сәтмағамбетов Асылжан, Бекаралова Нұрайым, Есекеев Нұрсәт, Қанибаев Асылхан Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің және «Фонд новых форм развития образования» мекемесінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 11-15 желтоқсан күндері Мәскеу қаласында өткізілетін «Балалардың инженерлік командасы» халықаралық конкурсының ақтық сайысына қатысуға жолдама алып отыр. Жетекшілері №266 мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімі Жолдасбеков Болат пен №249 мектеп-лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Нағашыбаев Жаңабек.
Елімізден аталмыш сайысқа Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің командасы мен біздің Қазалы ауданының командасы Халықаралық конкурс комитетінің жауапты хатшысы, бас директор М.Раковадан арнайы шақырту алып отыр. Бұл – қазалылық жас өрендер үшін үлкен жетістік.
Ауданымыздағы іргелі білім ордаларының білімді шәкірттеріне алдағы ақтық сында сәттілік тілейміз. Халықаралық конкурста елге жеңіспен оралуына тілектестігімізді білдіреміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<