Жас инспекторлардың СЫРДАҒЫ СЛЕТІ

304

0

 Ғ.Байтасов атындағы 18-ші республикалық қозғалыстың жас инспекторлары слеті аяқталды. Шараны облыстық ІІД және облыс әкімдігінің қолдауымен ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ұйымдастырды. Слет «Арай Sunrise» балалар лагерінің кешенінде өтті. 

Мұндай форум өңірлік жарыс жеңімпаздарының қатысуымен 2001 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биылғы слет Қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарының 45 жылдығына арналған.

Он күнге жалғасқан рес­пу­­­­б­ли­калық слетте оқушылар жол полициясының құрылу тари­xы, жол-көлік оқиғасынан кейін ал­ғаш­қы көмек көрсету және жол қиылысындағы қозғалысты рет­теу машықтарымен бөлісті. Жа­рысқа республика бойынша 16 команда қатысты. Сондай-ақ, ТМД елдерінен Беларусь, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы командалары келді.

Қатысушылар «Сапты қарау», «Жас реттеуші», «ЖҚЕ білгірлері», «Жас санитар», «Білімділер тур­нирі», «Агитбригада байқауы», сондай-ақ, велосипедті мәнерлеп жүр­гізу және автоқалашықта вело­сипедті жүргізу бойынша бақ сынасты. Полиция қызмет­керлері мен білім беру саласы мамандарының арасында да жарыс өткізілді. Жарыстың ең негізгі бөлімдерінің бірі – жол қозғалысы ережесіне қатысты білімдерін тексеру болды. Бұл ойында Астана командасы оза шапты, олар бірнеше минутта тапсырманы орындап, жоғары балға ие болды. Сапта жүру мен салтанатты марштарды қостанайлық команда сәтті орындады. Велосипедпен мәнерлеп жүру жарысында беларустық команда өкілдері мен Павлодардан келген жас инспекторлар ерекше көзге түсті.

Слет барысында қозғалыстың жас инспекторлары үшін мектептерде ҚЖИ жасақтарының жұ­­мысын ұйымдастыру, жол- көлік апаты кезінде алғашқы меди­циналық көмек көрсету бойынша тәжірибе алмасу семинар-тренинг өткізілді.

– Ресейде де жыл сайын ҚЖИ слеті өткізіледі. Сондай-ақ, біз мемлекетаралық байқау ұйым­дастырамыз. Ол жерде қазақс­тандық команда жақсы нәтиже көрсетеді, – деді Ресей Федера­циясының өкілі Сергей Ханцкевич.

Сайыс нәтижесінде Қарағанды облысының ҚЖИ жасағы 18-ші республикалық қозғалыстың жас инспекторлары слетінің жеңімпазы атанды. Ал екінші және үшінші орын Қостанай мен Түркістан облысы топтарына бұйырды.

Шынар БЕКБАН,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<