Жас журналистер байқауының жеңімпаздары марапатталды

655

0

«Сыр бойы» газетінің 90 жылдығы аясында ұйымдастырылған Қалқабай Әбенов атындағы «Тоқсан жылдың толғауы» атты байқау жеңімпаздары марапатталды.

Айта кету керек, белгілі қаламгер Қалқабай Әбенов 1968-1985 жылдар аралығында облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы қызметін атқарған.

Жас журналистер шығармашылығының дамуына қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында өткен облыстық байқауға 35 жасқа дейінгі ақпарат өкілдері қатысты.

Байқауда І орынды облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ержан Қожас иеленсе, ІІ орынды облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Гүлдана Жұмадинова, ІІІ орынды облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Мейрамгүл Дауылбайқызы еншіледі.

Жеңімпаздарға Қалқабай Әбеновтің ұрпақтары атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<