\»Zhasproject\» жобасы бойынша 69 жоба Жаңақорғанның еншісінде

256

0

Еліміздің 6 аймағында жүргізілген бұл жобаға қатысуға 671-тен астам қызылордалық тәуекел еткен.
Жуырда іріктеу сынынан Қызылорда облысы бойынша 266 жоба өтіп, миллион ұтып алған жастардың саны белгілі болды. 
Көш басында 93 жоба жеңімпазымен Қызылорда қаласы тұрса, мұнан кейінгі орында 69 жоба жеңімпазы анықталған Жаңақорған ауданы. Бұл Жаңақорған ауданы əкімдігі мен Жаңақорған аудандық жастар ресурстық орталығының тынымсыз еңбегінің нəтижесі. Сонымен қатар, Шиеліде – 30, Жалағашта – 26, Сырдарияда – 19, Қармақшыда – 14, Қазалыда – 11, Арал ауданында 4 жоба үздік деп танылған. Бүгінде жобаны үйлестіру тобы ерекше идея иелерін сараптап, жеңімпаздарды қаржыландыру жұмыстарын жүргізуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<