Жастар арасында тағы да төбелес болды

434

0

Фото: freepik.com

Ақтөбе облысы Алға ауданында жастар төбелесіп қалды. Үш жігіт ауруханаға жеткізіліп, біреуі ем алып жатыр.

Алға ауданы жастары арасындағы төбелес 2 маусым күні болды.

– Нәтижесінде үш жігіт медициналық мекемеге жеткізілді. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. «Бұзақылық» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Тергеу құпиялылығына сүйенген полиция қызметі өзге ақпаратты таратпады. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол күні 15 жастағы бозбала пышақ жарақатымен ауруханаға түскен.

– Алға аудандық ауруханасының қабылдау бөлімініне 15 жастағы тұрғын жеткізілді. Оны реаниматолог, хирург қарап шықты. Басын, кеуде тұсын, іш құрылысын КТ-ға түсіріп, тексеруден өткізді. Ол аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды. Алдымен жарақаты тігіліп, таңылды. Қазір науқас ем қабылдап жатыр. Ал бүгін рентгенге түсірді. Ауыр жарақаты жоқ, отаны қажет етпеді. Науқастың жағдайы тұрақты, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<