Жастарға қойылым көрсетілді

694

0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жасөспірімдерді нашақорлық мәселесі жайлы қойылымды тамашалауға шақырды.

Студенттер мен жоғары сынып оқушылары Нартай Бекежанов атындағы драма театрының қойылымындағы «Нашақордың өмірі жайлы новелла» трагедиясын көрді.

Қойылым нашақорлыққа әуестенген азаматтың өмірі туралы сыр шертеді.

Көрермен назарына ұсынылған бұл спектакль он жыл бойы көрсетіліп келген. Қойылым үлкен сұранысқа ие болғандықтан жаңартылған. Шынайы оқиғаға негізделген бұл спектакль қазіргі заманның дерті нашақорлық тақырыбын көтереді. Желісі қызықты әрі танымды болды.

Театрға келген жастар актерлардың өнеріне тәнті болып, ыстық ықыластарын жасырмады. Қойылым көрермен жүрегінен орын тауып, көңілдерінен шықты. Айта кетерлігі, қызылордалық полицейлермен ұйымдастырылған бұл шара нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында өткізілді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<