Алдағы демалыс күндері елімізде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, – деп хабарлайды «Қазгидромет».
«Қазақстанның көптеген облыстарында ауа-райын бұрынғыдай антициклон анықтайтын болады, ал Батыс Сібірден келіп жатқан суық ауа ағыны жауын-шашынсыз салқын ауа-райын, климаттық нормадан төмен температураны сақтап қалады», – делінген хабарламада.
Кей жерлерде жаңбыр дүйсенбі күні республиканың шығысында, сондай-ақ Ресейдің Еуропалық бөлігінен циклонның жақындауымен батыс облыстарында да күтіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<