ЖАЙДАРЫ ЖАЗДЫҢ ҚЫЗЫҒЫ

398

0

Жайдары жаздың жарқын күндерінде  балалар үшін жағымды жаңалықтардың бірі жазғы лагерьдің ашылуы болды деуге болады. Осы орайда, балалардың жазғы демалысын  тиімді әрі көтеріңкі-көңіл күймен  өткізу  мақсатында №220  орта мектебінде «Балдәурен» жазғы тынығу лагерьі жұмыс жасап келеді. 
Лагерь ұжымы жұмыс барысында балаларды ойнатып қана қоймай, балаларға күнделікті тәрбиелік мәні зор іс-шараларды ұйымдастырып-ақ жатыр. Бүгінгі таңда «Балдәурен» лагерьі бірінші ауысымын сәтті аяқтап, екінші ауысымға аяқ басып та үлгерді. Осы тұста екінші ауысым қызықты  күндерімен  бастау алды деуге болады.
 Нақтырақ айтқанда, демалушы балалар Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы аясында төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп, туған жердің тұлғаларын , тарихи өлкелерді  тану мақсатында  Ә.Нұрпейісов атындағы мұражайға және жаңадан ашылған рәміздер алаңына саяхаттап қайтты. Сонымен қатар, оқушыларды өрт кезінде қажет ететін алдын алу шараларымен таныстыру мақсатында Арал қаласындағы жаңа «Өрт сөндіру»  мекемесіне де арнайы саяхат ұйымдастырылды.
Жалпы лагерьдің жұмыс барысы әр күн сайын қызғылықты іс-шаралармен ұштасып жатқандығын аңғартады. Оған балалар арасында өткізілген «Лагерь ханшайымы мен ханзадасы»  және Астана қаласының 20 жылдығына орай «Асфальтқа сурет салу» сайыстары мен  үштілділікті дамыту негізінде «орыс тілі», «ағылшын тілі» үйірмелерінің  де жүйелі  жұмыс  жасап  келе жатқаны айқын дәлел.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<