Желіде «Атлетик» спорт кешенінде намаз оқып тұрған шәкірттерін бөлмеден қуып шыққан бапкердің видеосы тараған болатын. Жайнамазды тепкен спорт жаттықтырушысын желі қолданушылары аяусыз сынады. Өз ісіне өкінген ол енді көпшіліктен кешірім сұрады.
Facebook әлеуметтік желісінде бапкердің шәкірттерін ұрысып-балағаттап, олардың намаз оқуларына кедергі келтірген видеоролик тарап кеткен болатын. Артынша бұл оқиғаның Жамбыл облысында болғаны анықталды.
Кейін облыстық спорт басқармасының басшысы ұстаздың жұмыстан шыққанын мәлімдеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<