ЖАЗА БАСҚАНДАР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

223

0

 Өңірдегі ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші 172 азамат жұмысқа орналастырылған. Өндіріс аймағында 10 кәсіпкер аталған бағытта жүйелі жұмыс істеуде. 

Мұнда жұмысшылар тігін тігу, газоблок, брусчатка, мүсін, қолөнер, дәнекерлеу цехтарында бейіміне қарай еңбек етуде. Бұл туралы облыс бойынша ҚАЖ департаментінің жедел кеңесінде ЗК-169/5 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Е.Сон мәлім етті.

– ЗК-169/4 мекемесінің 50 сотталғаны «Алтайтрансойл» ЖШС, «Интергосстрой»  ЖШС, «Полимерпродукт» ЖШС, «ПСК-Саулет» ЖШС мекемелерінде жұмысқа орналастырылды, – деді бөлімше бастығы.

Жиында сондай-ақ, мекеме басшылары өндірістік қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелерге тоқталды. Кеңеске ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров, сотталғандардың еңбегін  ұйымдастыру тобының бас маманы, әділет майоры А.Абжалиевалар саланың өзекті мәселелерін назарға алса, өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі әділет аға лейтенанты  Қ.Жұмабеков сыбайлас жемқорлықтың зияны мен зардабы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Дәулет ҚЫРДАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<