Облыста қылмыс деңгейі азайды

264

0

Қызылорда облысы полиция департаментінде ағымдағы жылдың 9 айындағы жедел-қызметтік жұмыс қорытындыланды.

Алдын алу жұмыстарын күшейту нәтижесінде қылмыс деңгейі азайып, қазіргі уақытта өңірдегі криминогендік ахуал тұрақты. Ауыр қылмыстар 9,8 пайызға, ұрлық 12,2%-ға, пәтер ұрлығы 50,8, ал мал ұрлығы 22,1 пайызға төмендеді.

Жедел кеңес барысында полиция органдарының жедел-қызметтік жұмысы талқыланды. Оның ішінде, халықпен тиімді серіктестік орнату, «Жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асыру, ішкі істер органдарының қызметінде ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету мәселелері нақтыланды. 2022 жыл – жол-көлік оқиғаларының азаю жылы деп жариялағандығы белгілі.

Қазіргі уақытта жол қауіпсіздігі – өзекті мәселелердің бірі. Талдау көрсеткендей, көлік оқиғаларының басты себебі – жылдамдықты арттыру, қарсы бағытқа шығу, автокөлікті мас күйде басқару. Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол апаттарының алдын алу жұмыстары жандандырылып, оңды шаралар қолға алынып отыр.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – әрқашан басты назарда. Бұл ретте, «Балалар жылы» аясында облыстық полиция департаментінің тарапынан балалардың игілігі үшін олардың сапалы өмір сүруіне, қауіпсіз қоршаған ортада өсіп-өнуіне ықпал ету жолында нәтижелі шаралар атқарылуда. Профилактикалық шаралар күшейтіліп, кәмелетке толмағандар және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу бағытында пәрменді шаралар қабылданып, басым бағыттардың бірі ретінде ерекше мән берілуде.

Жедел кеңес барысында полицияның жұмысын жақсарту, ішкі істер органдарын цифрландыру, полицияны халыққа жақындату, оң имиджін нығайту, халықтың сенім деңгейін арттыру және полиция қызметінің өзекті мәселелері туралы халықты жан-жақты және шынайы ақпараттандыру, полиция қызметін жетілдіру бағытындағы шаралар жөнінде сөз қозғалды.

Сонымен қатар, жуырда өткен ІІМ алқа отырысында пысықталған шешімдер мен берілген тапсырмалар жеке құрам назарына жеткізілді.

Тиісті қызмет басшыларына жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейту тапсырылып, жұмыс тиімділігін төмендетпеу мақсатында бірқатар тапсырмалар берілді. Ішкі істер министрі тапсырған құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы басым бағыттарды жауапкершілікпен атқару тапсырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<