Жеке кәсіпкерлікте жұмыс істейтін қазақстандықтарға жұмыс өтілімін сот арқылы дәлелдеуге тура келеді

263

0

Жеке кәсіпкерлікте жұмыс істейтін қазақстандықтар, тіпті бизнесмендердің өзіне зейнетке шығу кезінде жұмыс тәжірибесін сот арқылы дәлелдеулеріне тура келеді.

Бұл туралы 31 арна-ға сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Себебі, көптеген жұмыс берушілер салық пен зейнетақы жарналарын жылына бір-екі рет қана төлейді. Бірақ деректер базасында бұл қаражат бір айлық төлем ретінде түседі. Тиісінше, қызметкердің жұмыс өтілімінің жалпы ұзақтығы 30 жұмыс күн деп қана жазылады. Ал, ол зейнетақы мөлшеріне тікелей әсер етеді.

Осындай фактілерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде расталды. Әзірше шенеуніктер бұл қиындықтан шығудың бірақ жолын көріп тұр.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сіздер жарнаның бір айды емес, бір жылды қамтығанын растауыңыз керек. Ол үшін қызметкер сот шешімін әкелуі қажет. Біз үкіметтің қаулысын қайта қарау қажет деп санаймыз. Бұл бұйрықты тағы бір қарап шығып, адамдарға оны дәлелдеуге мүмкіндік беруге тиіспіз»,-дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

Қызметкер жыл бойы адал еңбек еткенін дәлелдеу үшін барлық кезеңді көрсететін жұмыс кітабын ұсынуы қажет. Бұл жағдайда зейнетақы өтілімі есептелініп, ақша әр айға бөлінеді. Осы себептен кейбір зейнеткерлер жаңа ережелерден кейін бұрынғыдан да аз зейнетақы алған болуы мүмкін. Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер шілде айының басынан бастап күшіне енді.

«Бұрынғыдан да аз зейнетақы алды деген дерек жоқ және болуы мүмкін емес. Неліктен? Себебі, зейнеткерлер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 54% құрайды, ол 15 274 теңге. Олар 1 шілдеге дейін  алған сомадан кем зейнетақы алмауы керек. Егер мұндай жағдай болса, мен сіздерден нақты фактілерді берулеріңізді сұраймын. Бірақ ондай болуы мүмкін емес»,-дейді вице-министр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<